Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырымасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып өзгерді. Бұл агенттік  мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында жұмыс істейтін болады.

Ал, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып өзгерді, деп  жарияланды Ақорданың сайтында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болады.  Екі ведомство да ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағаларымен бірлесіп: агенттіктер туралы ережелердің жобаларын; Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, делінген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK