Асхат Аймағамбетов білім және ғылым министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Ол 2019 жылдың 17 қаңтарынан бері Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметінде болып, әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелерімен айналысты.

Сондай-ақ, Аймағамбетов осыған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.

Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары екі білімі бар. 2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте болды. Түрлі жылдары Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы болды.

Ақорда сайтында Мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK