Бүгін Талдықорғанда Алматы облысы мемлекеттік қызметкерлерінің ХІІ жазғы спартакиадасы жалауын желбіретті. Аталмыш додаға облыстың аудан, қала әкімдіктерінен, басқармалар мен департаменттерден, күштік құрылымдардан жалпы саны 29 команда келген, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев және облыстық спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, командалар шағын футбол, волейбол, баскетбол, бильярд, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша өзара үздіктерін анықтамақ. Спартакиада екі күнге жоспарланған. Жарыста бірінші орын алған команда 500 мың, екінші орынға 300 мың, үшінші орынға 200 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталатын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK