дереккөз

Алмагүл   Сүлейменова, қала тұрғыны:

Президенттік сайлаудың қорытындысы шыққанда барлығымыз қуандық. 70 пайыздан астам дауысты Қасым-Жомарт Кемелұлы алып еліміздің басшысы болды.  Міне, бүгін арнайы ұлықтау рәсімі де өтті.

 Біздің  ел әрқашанда шеттегі елдермен экономика және мәдениет жағы, тағы басқа салаларда  тығыз байланыста жұмыс жасауымыз керек.  Бұл ретте, экономикамыздың дамып, елдің әлеуметтік жағдайының жақсаратындығына сеніміміз мол.  Бүгінгі өмірімізді, саясатымызды Қасым-Жомарт Кемелұлына тапсырдық. Елдің жетістігі  — бәріміздің жетістігіміз.

 

Темірбек Мизамбеков, қала тұрғыны:

— Президент болып сайланған Қасым –Жомарт  Тоқаев  — халық сенімін, аманат жүгін арқалаған тұлға. Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылады деп ойлаймын. Сондықтан да, сайлауда оны жақтап дауыс бердім. Өзім ардагер журналист ретінде, еліміздің болашағы  жолында өтіп жатқан саяси оқиғалардан тыс қалмаймын. Сонау 90- жылдардан бергі өткізілген сайлауларға қатысып, азаматтық борышымды атқарып келемін. Президентіміз еліміздің тыныштығы мен халықтың берекесін сақтау жолында аянбай қызмет етемін деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK