Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде Қазақстанның президенті болды. Нұр-Сұлтан қаласында халық таңдаған жаңа президентті ұлықтау рәсімі өтті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Салтанатты шарада Қасым-Жомарт Тоқаев:

— Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн» , — деп ант берді.

Одан кейін орталық сайлау комиссиясының басшысы Берік Имашев Тоқаевқа президент куәлігін табыстады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK