Талдықорғанда президенттік сайлау қорытындысын қолдау мақсатында флешмоб өтті. Аталмыш шараны Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Дәулет Ауданбаевтың айтуынша, Алматы облысының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, еліміз бойынша ең көп дауыс бергендердің қатарында көш бастады. Олардың ішінде жастардың да қосқан үлесі зор.

«Жалпы, біз сайлаудың жемісті, әрі нақты өткендігіне қуаныштымыз. Осыған орай талдықорғандық жастар өз қолдауларын көрсетіп отыр. Алдағы уақытта бұл акция әріптестеріміздің ұйымдастыруымен облысымыздың аудан орталықтарында жалғасатын болады», — дейді Д.Ауданбаев.

Айта кетейік, орталық сайлау комиссиясы ұсынған соңғы мәліметке  сүйенсек, 9 маусым күні өткен президенттік сайлауда «Нұр Отан» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96% көрсеткішімен жеңіске жетті. Оған 6 539 715 сайлаушы дауыс берген.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK