Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы — мемлекеттің болашағы жайында толғамға толы, тың көзқарастарға негізделген.

«Біздің мақсатымыз — әлемлегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деген Елбасы осы мақсатқа жету жолындағы негізгі міндеттер мен бағыттарды белгілеп көрсеткен. Бұл саяси реформа және экономикалық жаңғыру оңай іске асыра салатын міндет емес, ол үшін істен бұрын сана озық тұруы қажет. Мақала кіріспе және екі үлкен тақырып ауқымында жүйе-жүйеге бөлініп, нақты әңгімеленеді. Мысалы, «Бәсекелік қабілетте» Қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлауға ұмтылған «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессиялық келісім» сияқты бағдарламалар көрсетілген. Осы орайда бюджет саласын да реформалау, мемлекеттің қуаттылығын күшейту үшін салық саласы да аяғынан нық тұруы қажет, салық қызметін мемлекеттік құрылымдардың ең негізгісі десек, артық айтпаған болар едік. Мемлекет болған жерде әрқашан салық саласы қызмет етеді, ол экономикаға тәуелді емес. Осы орайда Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Ақсу
ауданы бойынша мемлекеттік кіріс-тер басқармасы Елбасының ел болашағы жайлы толғауы тың, жаңа бағыттарға жетелейтін мақаласын талқылай отырып, «Салық қызметі» саласында өздерінің жаңа заман-ның талабына сай қызметтерімен
ұлт болашағы мен мемлекет мүддесі үшін қызмет етіп, елдің өркендеуіне ,озық 30 елдің қатарынан көрінуіне өз үлестерін аямай қосады деп сенемін.

Қанабек Исабеков,
Ақсу ауданы бойынша МКБ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK