Салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиаторларға салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.

Өндіріп алудың түпкілікті мөлшері салық берешегін өтеу туралы хабарламада көрсетілген сомадан аспауы тиіс.
Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары: Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:
— банк шоттарындағы ақша есебі;
— дебиторлар шоттарынан;
— билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;
— жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде
заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдан-ғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылады.
Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін қырық жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

Ақсу ауданы бойынша МКБ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK