Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап,бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы маңызы зор құжатқа айналған. Құжаттың мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау арқылы қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» №1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.
Бұл Заңның мақсаты – азаматтар-дың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталан-дыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып, қарсы тұруымыз қажет!

Ақсу ауданы бойынша МКБ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK