Талдықорғанда 9 маусым күні қоғамдық көліктер қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетеді. Бұл туралы қала әкімдігінің фейсбуктағы парақшасында жазылған, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Құрметті Талдықорғандықтар! Талдықорған қаласындағы 7 жолаушылар тасымалдаушысының бастамасымен, 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетініне байланысты қоғамдық көліктер барлық жолаушыларды тегін тасымалдайтынын мәлімдейді», — деп жазылған хабарламада.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK