М. Базарұлы мен А, Идигов
Суретті түсірген А. Нұршанов

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін әлемге паш етеді. Еліміздің өткені мен тарихы, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастастықтың жарқын бейнесі. Рәміздер күніне арналып  өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған шарада  «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы  мен Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы  Атсалим Идигов жастарға елді сүю, тіл мен тарихты білу, рәміздерді  құрметтеу  тақырыбында әңгіме өрбітті.

Мейрам Базарұлы:- Мемлекеттік рәміздер қашанда ел тәуелсіздігі мен егемендігін паш ететін нышандар.  Елтаңбамызда  болсын, Туымызда  болсын халқымыздың рухы, ұлттық сана, салт-дәстүр, даналықтың, арман-тілектің бәрі көрініс тапқан.   Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып,  қыран бүркіттей елімізді аспанда қалықтатып тұр. Осы рәміздер қабылданған түста Парламент тілшісі едім. Жоғарғы кеңестің төрағасы  С. Әбділдин еді. Мемлекеттік рәміздер үшін  сәулетшілер де, суретшілер де жұмыстарын ұсынды. Көп талқылаудан соң  қазіргі мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны, Әнұранды қабылданды. Рәміздер ортақ ой, тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың көрінісі. Кез келген спорттық жарыстарда еліміздің Әнұраны ойналып, көк туымыз желбірегенде бойымызды мақтаныш сезімі баурап алады.

Атсалим Идигов:- Патриот деп кімді айтамыз?  Бұл әрікмнің   Отанды сүюі, елім, жерім деп еңбек етуі. Бәріміздің ортақ еліміз бар, ол –Қазақстан, Мен қай жерде болмасын осыны айтамын. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі болғандықтан  құрметтеуге тиіспіз. Ниет болса, тілді үйрену қиын емес. Өз тарихыңды біл, салт-дәстүріңді сыйла.  Ұлттық код  дегеніміз ол —  тіл, салт- дәстүр, ұлттық болмыс емес пе? Жастарымыз тіл мен мемлекеттік рәміздерді құрметтесін. Ауызбірлік пен бейбітшілік болса еліміздің аты асқақтай береді,-деді.

Суретті түсірген А. Нұршанов

Кездесу барысында  жастар тарапынан спикерлерге сауалдар қойылды.  Мәселен,  олар кейбір әлеумекттік желілерде  орын алып  отырған жайттарға да бейжай қарай алмайтындықтарын жеткізді. Мемлекеттік нышандарды спорттық киімдерге жапсырып, тумен қоқыс тасыған жайттарға қатысты  пікірлер айтылды.  «Отанға деген сүйіспеншілік, әр адамның мемлекеттік  рәміздерді қадір тұтуынан басталады. Сондықтан да, жас буынның келеңсіз жайттарға немқұрайлы қарамауы қуантты. Мемлекеттік нышандарды жөнсіз пайдаланғандарға шара қолдану керек»,-дейді спикерлер.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK