Еркін ауылындағы саябақ
дереккөз

Ауыл — әр адамның құтты, киелі мекені. Еркін ауылдық ардагерлер  ұйымының төрағасы  Тортай Ізбасқанов  туған өлкенің бүгінгі келбеті, даму жағдайы турасында  редакцияға келіп, ой толғаған еді.

 

 

дереккөз
— Атам қазақ: «Ауылына қарап, азаматын таны» деген екен. Еркін ауылдық округінің  әкімі міндетіне кіріскен  Қайрат Матаев   көркейту жұмыстарына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға  көңіл бөлуде.  Лайым ауыл дамуына, мәдениетіне үлес қосқан дұрыс.  Туған жерді аялауға, қастерлеуге тиіспіз.  Ел басына күн  туған шақта Еркін ауылынан қаншама азамат қан майданға аттанды. Ауылымыздың азаматы  Есжан Берліқожанов  соғыстағы  жауынгерлерге  көмекті аямаған. Осы Еркін ауылындағы орта мектеп пен көшеге ол кісінің есімі берілген.

 Екі мәрте  Еңбек ері  атанған Нұрмолда Алдабергенов  ауылдық кеңесті басқарғаны тарихтан белгілі. Тағылымға толы тарихты ұмытуға болмайды. Ауыл орталығында соғыстан қайтпай қалған  боздақтарға арналып ескерткіш орнатылды. Айналасы көгалдандырылды. Алайда, жылдар өте келе  ағаштары сынып, суарылмай, қараусыз қалды.  Осы кезге дейін ауылға  тағайындалған  әкімдерге айтқанымызда   құр  уәде, сөзбен шектелді.  Биыл күн жылынысымен  ауыл кәсіпкерлері Мұрат Өсербаев пен  қалалық мәслихаттың депутаты Темірболат Ахажанов және басқа  азаматтардың қолға алуымен саябақ қайта жаңартылды. Қазір  бұл жерде  емен, жасыл  шырша тәрізді ағаштар   өсіп келеді. Егер де зер салып қарасаң, отырғызылған  ағаштар  сарбаздардың  сап түзеп тұрғанындай  әсер етеді,-деді Тортай Ізбасқанов.

Орталықтағы  Сүлеев көшесінің екі жағына шырша тұқымдасы арша отырғызылған. Қазіргі таңда округте 18 мыңнан астам тұрғын бар.  Екі мектеп Е. Берліқожаұлы атындағы және №26 орта мектеп  оқушыларды оқытып, тәрбиелеу ісіне үлес қосуда.    Ғимараты  ертеректе салынған  ауылдық амбулатория халықтың денсаулығы жолында қызмет жасап тұр. Алдағы Президент сайлауына 5 учаске жұмыс жасайды.

«Туған жерге туыңды тік!»-дегендей, қай кезде болмасын ауылды көркейтуге үлес қосқысы келетін  азаматтар жетерлік.

Ауылдағы Еркін орталық мешітінің имамы Омар бастама көтеріп, жанашыр азаматтар мен ел –жұрттың көмегінің арқасында  қатымхана құрылысы   қолға алынды.

Заманауи жаңалықтардан да ауыл қалыс қалып жатқан жоқ. Цифрлы технологияға негізделген   3 аялдама іске қосылды. Бүгінде  ардагерлер ұйымының  мүшесі мен алқасы құрамында 22 адам бар. Олардың арасында кезінде басшылық қызметтер атқарған  қариялар:  Р.Жиенгелдинов,  Ә.Бексұлтанов, Е.Байқадамов, М. Жаңакелдинов, жасы 80-ге келсе де айтқанды екі етпейтін Арыстан   Бибатыров сияқты  ардагерлер  шаруаны жедел атқаратындар қатарында. Соғыс қиыншылығын көрген тыл ардагері Нұрғали Насырбеков бүгінде 95-ке келіп, ардагерлердің үлкені саналады. Шолпан Мұсанова  модератор ретінде жас отбасындағы ажырасудың алдын алып, жастарды татуластырып, өзге де келеңсіздікті  сотқа жеткізбей талай істі атқарып келеді.

Ал  Еркін ауылдық  ардагерлер ұйымы мүщелері әрдайым  жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, ата-аналармен, мектеппен жұмыс жасайды. Ұйым мүшелері, білім беру ісінің үздігі Насиха Уәлиева мен Клауза Самалова екі білім

дерекк-з

ошағының әжелер ұйымын басқарады.   Еркін ауылдық   ардагерлер алқасы  Талдықорған қалалық ардагерлер ұйымымен тығыз  байланыста.  Осылайша, ауыл ақсақалдары барлық шараларға атсалысып келеді.

 Тортай  ата, туған өлкені  аялауға, қастерлеуге тиіспіз.  Бастаған істеріміз ел игілігіне жасалуы керек. Ауылды көркейтіп, сәулеттендіруге шақырамын. Балаларды  табиғатты сүюге, туған жерді құрметтеуге,  жасыл желек отырғызуға  үйретіп, тәрбиелеуіміз керек.  Әр адам бір-бір ағаш отырғызып, ауыл болып, тазалыққа атсалысқанға не жетсін! — дегенді айтып қана қоймай, әттеген-ай дегізген жайтты да тілге тиек етті.

 Айтар болсақ,  ел аузында  жота аталып кеткен « Көктал» шағын ауданындағы мешіт жанында тұрғындардың демалысы үшін  бірнеше жыл бұрын салынған саябақтың  қазір сиқы  қашқан.  Қараусыз қалды. Егілген ағаштар  күтімсіз, қурап жатыр. Осы саябақты жөндейтін  кез жеткендей.  Ауылдың көк желекке бөленіп, абаттану — ортақ қуаныш.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK