Талдықорғанда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй қолданысқа берілді. Баспана кілтін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қатысты, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Салтанатты шарада сөз алған шаһар басшысы тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

– Біз бұл үйді көпбалалы аналарға, толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, зейнеткерлерге және кезекте тұрған азаматтарға беріп отырмыз. Құрметті тұрғындар! Баспаналарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыз тек шаттыққа толсын. Әрдайым осындай қуаныштты сәттерде жолығайық, — деді Ғ.Әбдірайымов.

Жаңа үйде бір бөлмелі – 5, екі бөлмелі – 10 және үш бөлмеден тұратын 5 пәтер бар. Сондай-ақ, аулада балалар ойнайтын алаңқаймен бірге шағын футбол стадионы орналасқан. Мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген тұрғын үй бір жылдың ішінде салынған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK