дереккөз

Жастарға қызмет көрсету орталығында  Талдықорған қалалық жұмыспен қамту орталығы мен Алматы облысының жастар ресурстық орталығы бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін  өткізді. Бұл шараға жұмыссыз азаматтар, оқу орындарын бітіруші түлектер және  мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысты.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлмира Есжанованың  айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында   көптеген жұмыстар жүргізілуде. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамту мәселесінде әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, кәсіпкерлікке тарту, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар  шаралары  жүйеленген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізіліп келеді.

дереккөз

 Талдықорған қаласы бойынша бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген  жұмыстар жүріп жатыр. Соның ішінде кембағал жандарды жұмыспен қамту маңызды мәселе болып табылады.  Жалпы,  осы жылы 105 адам жұмыспен қамтылып,77-і  қоғамдық жұмыстарға  тартылған.  Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында жұмыссыз азаматтар мен кәсіпкерлік бастап, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бағдарламаға қатысушы  болып табылады. Олар жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайтын шағын несие беріледі.

 «Бастау  Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік  негіздеріне  мүмкіндігі шектеулі 3 адам оқып шыққан.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекпен қамтылуына бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің де көмегі тиюде. Бұл жолғы бос орындар жәрмеңкесіне «Метакон ТК», «Сеюк», «Жигули», «Қайнар -АКБ» кәсіпорындары мен аурухана, «Алпамыс»,  «Жігер», «Болашақ» қоғамдық бірлестігі,   «Садуақасова» ЖК тәрізді     жұмыс берушілер қатысып,  қажетті  мамандықтарды ұсынды. Кезінде тігінші мамандығын бітірген саңыраулар қоғамының мүшелері де бұл жерге  жұмыс іздеп келгендерін жеткізді. Мамандар олардың әрқайсысына  мемлекеттік бағдарлама бойынша қандай жұмыс берілетіндігін болмаса  өзге  кәсіпті игеру қажеттігі турасында  айтып берді. Өткізілген шара барысында  18 тұрақты жұмыс тапса, 14 азамат қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Алдағы уақытта өтетін  бос орындар жәрмеңкесі  жоғары оқу орны түлектері мен жұмыссыз азаматтарға арналмақ.

                                                             

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK