Бала деген – бір бақыт

286
Фото авторы Д.Ерофеев

Барлық бала бақытты болуы үшін жаралған! Бүгін әлем халқы 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау мерекесін атап өтуде. Бұл ретте Жетісу жұртшылығы да қалыс қалмады.  «Жастар» саябағында мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиын ең әуелі жасөспірімдер  шеруінен  бастау алды.

Фото авторы Д.Ерофеев

Алғаш болып сөз алған Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев:

Фото авторы Д.Ерофеев

«Балаларға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, сыңғырлаған күлкі тілеймін. «Жастар  — еліміздің келешегі. Ал, білімді жастар мемлекетіміздің жарқын болашағы» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей Тәуелсіз Қазақстанды бәсекеге қабілетті, іргелі мемлекетке айналдыру,  еліміздің болашағының жарқын болуы Сіздердің қолдарыңызда. Әрбір отбасы тәрбиелі, білімді азамат өсіріп,  еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосуда» -деп жиналған қауымға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов балдырғандарды төл мерекелерімен құттықтады.

Дереккөз

«Алғашқы сәттен  бастап өркениетті елдер қатарында бұл күнді айрықша салтанатпен қарсы алып, түрлі шаралар ұйымдастырудамыз. Өздеріңізге белгілі балалардың жан-жақты  дамуына, білім алып,  өнер жолын таңдауына барлық жағдай жасалған. Себебі, олар біздің әрбіріміздің үміт күткен ұрпағымыз, еліміздің болашағы. Бүгінгі күнге қуанышпен қадам басқан жас бала,  ертең елдің  тұтқасын ұстайтын азамат атанып,  халқына қызмет етеді»-деді.

Фото авторы Д.Ерофеев
Дереккөз

Салтанатты жиын барысында аталмыш мерекеге белсене атсалысқан бірқатар  балалар өнер ұжымдары мен жетекшілері марапатталды. Айта кетейік, шаhарымызда орта есеппен алғанда  жылына 4000-нан астам сәби дүниеге келеді. Қазіргі таңда  6 жасқа дейінгі талдықорғандықтар  саны 29 мыңға жуық. Бұл барлық тұрғындардың 16 пайызын құрайды.

Фото авторы Д.Ерофеев

Ақниет Асқар. Біз «Мүшелтой» клубының мүшелері шеруге қатысып, мерекені тамашаладық. Барша балаларды құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ, жетістік тілеймін.

Фото авторы Д.Ерофеев

Айдана Жұмаділова. Бүгінгі мерекеге келгеніме өте қуаныштымын. Өзім тәрізді балаларды жадыраған жаздың алғашқы күнімен қатар келетін мейрамымызбен құттықтаймын. Ер жеткенде Отанымыздың даңқын одан әрмен асқақтатар ел мақтанышы болайық.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK