Біздің үйдегі ең құнды дүние – төрде қыстырулы тұратын, әскери офицердің үлкейтілген суреті еді. Ол әкемнің ең кіші інісі – Әуелбек баласы Әлжан Аға. Қоғалы (Гвардия, қазір Кербұлақ) ауданының әскери бөлімшесінен майданға алынған.

Әкем «Қайран, қарақтарым-ай» — деп бастайтын әңгімесінде ол кісінің бала жасынан істеген істерін, ерекше ақылдылығын, мейірімділігін, атқарған қызметтерін, сыр-сымбатын, адами қасиетін айтып, тауыса алмай соңында сағыныштан үнсіз, ұзақ төгілетін көз жасымен бір тоқтайтын. 1938-1940 жылдар арасында сонау Ленинград қаласынан оқу бітіріп келген жайлы құжатын көрсеттуден жалықпаушы еді. «Бір жерде тірі жүр ме екен, шейіт болса, жатқан жерін бір көрсем» — деген арманы өзімен бірге кетті. Әлжан есімі, болмысы біздің әулет үшін – киелі тұлға болып қалыптасып, бізбен бірге өмір сүрді.Үлкендер, көзкөргендер біздің ерекше ісіміз болса «Әлжанға ұқсапты» дейтін. Біз ол кісіні көрмесек те балаларымыз бен немерелеріміздің жетістігін көрсек «Әлжан ағайымызға тартыпты» деп қуанып қаламыз. Сол әулеттің батасына айналған ағайымыздың тағдырын 9 мамыр 1915 жылы Россияның «Бессмертный полк» сайтынан білдік. Ол кісінің бар-жоғы 27 жасында ауыр жарақаттан дүниеден өткенін оқығанда көз жасымызды тыя алмадық.

Именной список безвозвратных потерь офицерского состава в ХППГ. 5234 с 5 по 10 ноября 1943 года. Приложение к №023297.

Аульбеков Аледжан – лейтенант, командир роты №1379 сп.канд ВКПБ 1916 г/р призван Алматинской обл. Кугалинского р/на (поступление на излечение) 25/Х 1943г. слепое осколочное ранение поясничной области с повреждением позвоночника. 4/ХІ 1943г. смерть от сепсиса и общего истощения, похоронен на кладбище, могила №18 Приазовский р/н Запорожеская обл. Украинская ССР.

Осы ақпаратты алған соң біз Алматы облыстық қорғаныс істері басшылығы арқылы Украина республикасы  Запорожья облысы Приазовск ауданы мемлекеттік басқару әкімшілігінің басшысы Н.А. Романенкомен хабарласып, мынандай мәлімет және суреттер алып, жүрегіміз қуанышпен мақтанышқа толды.

На Ваш запрос №1/1619 от 15.10.2006 об увековечении имени Ауельбекова Аледжана, 1916 года рождения, лейтенанта, командира роты №1379 СП сообщаем, что решением сессии Приазовского поселкового совета №21 от 19.04.2012 года имена еще 170 воинов захороненных в 1943 году в пгт. Приазовском увековечены на гранитных плитках Мемориала 08.05.2012 г. среди них на отдельной плите офицерского состава вынесено и имя лейтенанта, командира роты 1379 СП Ауельбекова Аледжана (фото прилагается).

Жатқан жерлеріңіз жарық болсын, ағайыннан алғыс шетте қалып, әке арманы болған асыл ағалар. Сіздердің есімдеріңіз біздің, біздің балаларымыз бен немерелеріміздің жүрегінде сақталып, суреттеріңіз төрлерінде тұратынына саніңіздер. Әлемге бейбітшілік тілейміз.

Әуелбекова Ғалия Бірімқұлқызы

Ардагер ұстаз,

Қазақстан білім беру саласының үздігі,

Мұғалім-әдіскер.

Одақтық Н.Н.Крупская атындағы

сыйлықтың иегері.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK