Талдықорғанда «Студенттік көктем» фестивалі өтуде

123
Дереккөз

Жастар жылы аясында «Менің Қазақстаным: студенттік көктем – 2019»   облыстық  фестивалі өтуде.

Дереккөз

Аталмыш фестиваль білімгерлердің  қоғамдағы белсенділігі мен  мәдени  әлеуетін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, шығармашылықтарын шыңдау мақсатында биыл тұңғыш рет ұйымдастырылды. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті бірлесе өткізген шараға  500-ге жуық  студент қатысуда. Олар  «Отаным – Атамекенім» патриоттық ән байқауы, «Ұшқыр ойлы жетісулық жастар» пікір-сайыс турнирі, «Жайдарлы жастар» жайдарман ойыны және  шағын футбол сынды бірнеше бағыт  бойынша  сайысуда. Жеңімпаздар бүгін «Жастар» саябағында Өмірқұл Айниязов, Ұшқын Жамалбек, Олжас Абай, Әсет Есжан, Серікбол Сайлаубек, Самат Жанғазин сынды өнер иелерінің қатысуымен өтетін гала-концертте марапатталады.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK