Мемлекет дамуының материалдық базасы-қаржыны қалыптас-тырудың басты қайнар көзі салықтар мен басқа да міндетті төлемдер екені белгілі.

Ел экономикасы дамыған сайын мем-лекеттік бюждеттік кіріс көздері, оның ішінде салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі, салықтың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, одан алынатын салықтар бар.
Салық-ол Заңмен бекітілген төлем.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес, жеке табыс салығын төлеушілер болып салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар табылады. Сонымен бірге, ҚР салық салынатын табысы бар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да жеке табыс салығын өздері тұрған жері бойынша төлеуді жүзеге асырады.
Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін түсімнің бір түрі болып табылатындықтан, салық төлеушілерді салықтық міндеттемелерін толықтай әрі уақытылы орындауға шақырамыз.

Әкімшілік жауапкершілік Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі

Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,- екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі

1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер беруі не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыс-тық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,
2. Жетіжүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
Жоғарыдағы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер-бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

А.Белеков,
Кеген ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жетекші маман.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK