Талдықорғанда экологиялық акция өтті

353
Дереккөз

Талдықорған қаласы  жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Eсо-challenge» экологиялық акциясы өтті.

Шараның мақсаты – жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау. Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шеризат Оңғаров «Осындай шаралардың жастар тәрбиесіне қосар үлесі зор деп білемін. Жастар біздің болашағымыз. Олардың санасына   қоршаған ортаның тазалығын сақтау жөнінде  мағлұматты мейлінше сіңіру қажет. Қаламызды  көгалдандыру, оның тазалығын үнемі қадағалау біздер  үшін  жауапты іс»-деп  игілікті шараның дәстүрлі түрде өтетіндігін  жеткізді. Шаhарымыздың белсенді жастарының атынан сөз алған Ілияс Даутов «Тұрып жатқан қаламыздың әдемі де көрікті және таза болғанын барлығымыз қалаймыз. Қазіргі таңда айналамыздың тазалығы үшін аз тер төгіліп жатқан жоқ. Алайда, өкінішке орай тұрғындардың тазалық мәдениеті сын көтермейтіндігі қынжылтады. Қала — баршамыздың ортақ үйіміз. Сондықтан, тазалық мәселесі осында мекен етіп жатқан тұрғындардың барлығына тікелей  қатысты»-деп ойымен бөлісті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK