Тіл шебері байқауы
дереккөз

Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Алматы облысы бойынша  департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының  ұйымдастыруымен  «Тіл шебері — 2019»   облыстық байқау өтті. Оған  үш тілді қатар меңгерген  жас мемлекеттік қызметшілер қатысты.  Талдықорған  қаласының атынан қалалық  ішкі саясат  бөлімінің  жетекші маманы Данияр Сағымбеков пен қалалық білім бөлімінің бас маманы Әмір Тұяқбаев    өз бақтарын сынады.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың мақсаты —   жас мамандарға қолдау көрсете отырып, тіл мәдениетін көтеруге ықпал ету, мемлекеттік қызметшілердің тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру  болып табылады.

Үміткерлер үш кезең бойынша байқау межесінен өтті. Бірінші кезең – «Тұсаукесер» деп аталып, онда, берілген тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу, екінші, «Ұлттаным» ­- сұрақ -жауап  айдары, одан кейінгі «Өнертанымда»  үміткер өз таңдауы бойынша ән айту, көркемсөз оқып, би билеу сыны. Қатысушылардың бәрі үш кезеңде  ұшқыр ой, терең  білім, тапқырлық таныта білді.

Тілдік сайысқа Талдықорған қалалық  ішкі саясат  бөлімінің  жетекші маманы Данияр Сағымбеков пен қалалық білім бөлімінің бас маманы Әмір Тұяқбаев  қатысты.

Байқау қортындысында, талғарлық Эльмира Ерниязова бас жүлдеге ие болды.  Ал Талдықорған қаласы атынан қатысқан  Әмір Тұяқбаев — бірінші, Данияр Сағымбеков – екінші орынды иеленді.  Ал  үшінші орынды Райымбек ауданынан келген Айдана Меліс пен көксулық Қуаныш Жұмат еншіледі. Жеңімпаздарға  басқарманың  арнайы дипломы  мен Алғыс хаты және де қаржылай сый  табысталды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK