Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

155
Дереккөз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі жаhандық тәжірибеде  дәлелденген.  Бүгінде аталмыш жүйемен әлемнің  30 дамыған мемлекеті жұмыс жасап келеді. МӘМС тиімділігі, емханаға тіркелу және өзге де бірқатар маңызды мәселелерге орай қала тұрғындарына ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараға «Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша  филиалының директоры  Сәбит Құралбек,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының  бас маманы Әлғанибет Малейұлы, республикалық «Электрондық денсаулық сақтау  орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облыстық  филиалы  директорының  орынбасары Біржан Байжанов қатысты. Мамандар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесіне тіркелу және медициналық қызметтің электронды түрлері, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің жаңа модельдері, медициналық сақтандырудың басты мақсаты  жөнінде кеңінен баяндады. Сәбит Райымбекұлы жүйеге қатысуға облысымыз бойынша 107 медициналық ұйым ұсыныс  білдіргенін атап өтті. Айта кетейік, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иеленген көп балалы аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, балалар,  колледж, ЖОО оқитын білімгерлер, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар , 3 жасқа дейінгі бала күтімімен үйде отырған  азаматшалар жарна  төлеуден  босатылады. Аталған санаттағыларға мемлекет өз тарапынан аударым жасайды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK