Патриоттық әндер фестивалі өтті

181
Фото авторы А.Нұршанов

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті…»-деген болатын. Осы орайда жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызды саналар  «Мәңгілік ел» патриоттық әндер фестивалі өтті.

Фото авторы А.Нұршанов

Мақсаты — жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ел жетістігімен бөлісіп, патриоттық  әндерді насихаттау.

Фото авторы А.Нұршанов

Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шеризат Оңғаров «Елбасымыз жастарға зор мән беріп, жыл сайынғы Жолдауларының басым бағыттарын жастармен тікелей байланыстырып, кез келген мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен мақалаларында өскелең ұрпақты тілге тиек етуі – жас буынның болашағы деп білеміз.  Жоспары анық, жігері айқын, талабы таудай жастар тарихи оқиғадан шет қалмай, алдағы өтетін сайлауда белсенділік танытайық. Қазақстанның өркендеуі – біздің ортақ идеямыз. Барлық күш-жігерімізді мемлекетті нығайту мен елді дамытуға бағыттайық»-деді.

Фото авторы А.Нұршанов
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK