Халықаралық байқаудың үздіктері анықталды

71
Дереккөз

Жетісу жерінде дүниеге келген аса көрнекті композитор, КСРО Халық әртісі Мұқан Төлебаев атындағы V халықаралық  «Алтын таяқша» дирижерлер мен  «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өтті.

Дереккөз

Осыған дейін республикалық көлемде өткізілген байқау ағымдағы жылы тұңғыш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Мақсаты -композитордың халқымыздың асыл қазынасына айналған әндерін жаңғырту, оны жастар, өнерсүйер қауымға кеңінен насихаттау, сондай-ақ дирижерлер мен әншілердің кәсіби шеберлігін барынша арттыру, өзара пікір алмасу, аталмыш сала  бойынша жаңа есімдер қатарын толықтыру. Еліміздің өнерпаздарымен қатар Өзбекстан, Моңғолия, АҚШ, Белорусь, Ресей сынды  мемлекеттерден   17 дирижер мен 28 вокалист қатысты. Ресей Федерациясының халық әртісі, П.Чайковский  атындағы Ресейдің Оңтүстік-Орал мемлекеттік өнер институтының доценті, жеке ән салу кафедрасының меңгерушісі Наталья Заварзина «Ауқымы кең осындай конкурстың кішкентай ғана қалада өтіп жатқанына қуаныштымын. Вокалистердің өнер көрсету деңгейі өте жоғары. Білім шаңырақтарынан келген студенттер мен өзіндік жолын қалыптастырған мамандар бір сахнада өнер көрсетті. Бұл жастар үшін үлкен тәжірибе болды деп ойлаймын»-деп алдағы уақытта өз репертуарына қазақ композиторының туындыларын қосу туралы ойы бар екендігін жеткізді.

Дереккөз

Өзбекстан Республикасының халық әртісі, профессор Фарух Садықов, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, профессор Борис Ворон, АҚШ Мобил университетінің фортепиано кафедрасының меңгерушісі, Gulf Coast Steinway қоғамының президенті Хадиша Оңалбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әли Алпысбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Арман Жүдебаев қатысушылардың өнерін саралады. Нәтижесінде бас жүлдені «Алтын таяқша» аталымы бойынша Руслан Баймұрзин, вокалистер арасында Азат Мәлік иеленді. «Рухани құндылығымызды ұлықтауда өзіндік үлесі бар аталмыш байқаудың биылғы талаптары жоғары, шығармалар күрделі болды. Шет мемлекеттен  байқауға қатысуға ниет білдіргендер қатары баршылық. Біз өте қуаныштымыз. Осы орайда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына, М. Төлебаев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестріне  алғысымызды білдіреміз»-деді Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK