Толассыз  ақпараттармен  қарқынды  дамыған   бүгінгі  заманда  білім  беру көшінен   қалмай,  заман  талабына  шығу, ұстаздар  алдындағы   шегінуге,   кенжелеуге  болмайтын  басты  міндет. Осы  міндеттер  бағытында  жаңылыспай   жаңартылған  мазмұндағы  білім  беру  оқытушы  міндетін  айқындай  түседі.  Демек, білім  берудің  жаңа  тәсілін  студентке  жеткізу  үшін  ұстаз  кәсіби  біліктілігін  үнемі   жүйелі түрде арттырып отыруы қажет. Біліктілігін  арттырған  оқытушы  оқытудың  әр  түрлі  әдіс – тәсілдерін зерделеу  арқылы  алдындағы  білім  алушының  деңгейіне  қарай  талапқа  сай  білім  беруі  шарт. Яғни,  біздің  алдымызға қойған  мақсатта өмір бойы  білім  беру  болса,  сол  мақсатқа жеткізудің  жолдары сапалы  деңгейдегі  дайындық  екені  сөзсіз.

    Қазір  алдыңдағы  білім  алушыны  күнделікті  қайталана  беретін  жалаң  сабақ  түрі  жалықтыратыны  сөзсіз. Ол үшін  мұғалімнің  кәсіби  дайындығы мықты,  дамыған технологиялар  легіне  қалмайтын,  өзіндік  шығармашылық  ізденісі  бар,  интелектуалдық  деңгейі  жоғары  болуы  шарт  екені  бәрімізге  мәлім.  Сабаққа  тек  талап  беру  ретінде  қарамай, білім  алушының  жан- дүниесіне  ену,  оған  өте  жақын  адамындай  әсер  ету  бүгінгі  күннің таптырмас  қажеттілігі.

   Оқытудың да  ең  негізгі  формасы  сабақ  екені  белгілі.  Сондықтан  арнайы  пәндер  оқытушысы  ретінде  күнделікті  сабағымды  түрлендіріп, білімді өздігінен  игеруге  негізделген интербелсенді әдістерді жүйелі пайдалануға тырысамын. Қызықтыра отырып,шығармашылыққа  жол  салатын , өзіндік ізденістерден тұратын «Сұрақ- жауап» әдісі, «Броуындық  қозғалыс»,  «Жұптас.Ойлан.Пікірлес»  сияқты ең оңтайлы,әрі озық  әдіс –тәсілдерді пайдаланамын. Яғни жаңа технологияны тиімді пайдалану  арқылы өткізген сабақ білім алушының  дайын білімді пайдаланып қана қоймай,  өмірде өз ұстанымы  бар, пікірін еркін айта алатын, қарқынды дамып келе жатқан ортада өзін ұстауға  дағдыландырады. Олай болса, оқыту ісіндегі озық тәжірибелі технология негізінде  берілген білім студенттің  ой-санасын ғана өсіріп қоймай,өз мамандығының  шын сүйер иесі, елдің ертеніне нық қадам басқан, арқа сүйер азамат болары  нақ. Демек, оқытушы –студенттер арманына қанатын талдырмай, адастырмай, биік шыңдарға шалдықтырмай апаратын жан.

Итекпаева Ельтай Шаймарановна

Тоқжайлау политехникалық    колледжінің 

 арнайы пән оқытушысы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK