Дәстүрлі  ән, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуынан  бастап дүниеге келгені бәрімізге мәлім. Нәтижесінде мәдениет қалыптасып елдің, жердің табиғатына сай, саз мұрасы жасалды. Атақты ақын-әншілер репертуарына жүгінсек қазақ әнінде халық өнерінің әр кезеңіндегі тұрмыс-тіршілігі, болмысы, қайғы мен мұңы әрбір әуенде орын алған. Осы бір жаныңды тебірентер жыр-әндер тұнығына шолу жасасақ, Сүйінбай, Жамбыл, Бақтыбай, Жаяу мұса, Ақан сері және тағы басқа да қолынан өнері тамған, жезтаңдай, дүл-дүл шеберлерімізді айта кетпеуге болмас.

Елбасы ұлттық-мәдени, рухани байлығымызды дамыту жолына көп көңіл бөлді.  Сондықтан да дәстүрлі ән  өнерінің шыңына жетер жолында – ескіні жаңғырту, ұмытқанды еске алып, өркендеу сәті және кемеліне  жетер деген үміттеміз. Қазақ  халқының «Ән – көңілдің ажары» деген нақыл сөзі бар емеспе. Осыған орай Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі Халықаралық музей күндері «Жетісудың жыр дариясы» атты дәстүрлі ән кешін ұйымдастырды. Кешке арнайы шақырылып отырған Алматы облыстық Сүйінбай Аронұлы атындағы филормониясының белгілі әншісі, Қазақстан Республикасына Еңбегі сінген  қайраткер, Қанабек Байсеитов атындағы саз колледжінің дәстүрлі ән салу бөлімінің меңгерушісі, ұстаз Қармысов Абылайхан Жұмаділұлы  және  колледж студенттері, сонымен қатар филормония әншілері Шаяхметова Құралай, Ақжолова Кенжекей қатысып кештің ажарын ашып, дүбірлі тойға айналды. Республикалық байқаулардың лауреаттары Қанабек Байсеитовтың саз колледжі студенттері халық әндерінен –  «Жер әсемі Қарқара», «Беу айдай», «Ал Қоңыр», «Қарғамауды» айтса, жаны таза, өрісі биік Дәнеш Рақышывтың «Аяулым менің Арайлым», «Балжанай» әндері орындалды. Қисса – дастандар мен айтыс өнерін дамытудағы өзіндік өнері бар Әсет Найманбайұлының әндері, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы Біржан салдың да, өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны  Ақан серінің, сонымен қатар Жамбылдың, Есжан Беркімбайұлы әндері шырқалды. Халық  әнінен сусындаған көрермендер кештің аяғына дейін тамсана тыңдап, кеш соңында ризашылықтарын білдірді.

Райхан Есенбаева

Аға ғылыми қызметкер.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK