Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов чилилік Луис Норамбуэнуді жеңіп, кәсіби рингте жетінші жеңісіне қол жеткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 25-нен 26 мамырға қараған түні Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтті. Жұдырықтасу барлығы алты раудқа созылды. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық бір ауыз шешіммен жеңіске жетті. Екі төреші 60-54, ал біреуі — 59-55 ұпай берді.

Енді 27 жастағы спортшының еншісінде жеті жеңіс бар. Олимпиада чемпионы 2018 жылдың сәуірінде профиге алғаш шыққан. Жеті жекпе-жектің төртеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда, тағы бірін Монакода өткізіп, жеңіске жеткен.

Норамбуэно карьерасында екінші рет жеңіліс тапты, ол 10 мамырда төрешілердің шешімімен америкалық Вардгес Варданяннан (7-0, 1 КО) жеңілген. Сондай-ақ, 27 жастағы чилиліктің активінде үш жеңіс және бір тең жекпе-жек бар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK