Назарбаев зияткерлік мектебі
дереккөз

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде  оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау соғылды. Талдықорған қаласында  28 мыңнан астам оқушы мектепті  аяқтап отыр. Ал 1154 түлек алтын ұя мектебімен қоштасты.

Талдықорған қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебіндегі  соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Қош бол, алтын ұя мектебім!»атты салтанатты  шараға Алматы облысы әкімі Амандық Баталов, Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, білім басқармасының басшылары, оқушылар мен   ата-аналар қатысты.

«Құрметті мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар және қонақтар! Бүгінгі білім мерекесі құтты болсын! Әрдайым білімді шәкірт  елдің ертеңі саналады.   Қымбатты жас түлектер,  сендер бүгін алтын ұямен қоштасып, үлкен өмірге жолдама аласыңдар. Бұл  сәттерің Жастар жылымен  тұспа-тұс келіп тұр. Болашақта еліміздің мәртебесін арттыратын, туған өлкеміздің өсіп-өркендеуіне атсалысатын азамат болып қалыптасуларыңа тілектеспін! » — деді өңір басшысы.

Назарбаев зияткерлік мектебін үстіміздегі оқу жылында 78 түлек аяқтап отыр. Салтанатта   мектеп бітірушілер ұстаздарыңа алғыстарын айтты. Ал салтанатқа арнайы келген    қонақтар да жылы лебіз білдірді. Оқу озаттарының аты аталып, арнайы марапаттар табысталды.  Соңғы қоңырау сыңғырлай соғылып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің Гимні — «Елбасы мектебі» әнін орындалды.  Өңір басшысы  мектеп оқушыларының  көшбасшылық сабақтары мен кураторлық сағаттарға  қатысты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK