Алматы облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» қоры ұйымдастырған «Ел үлесі — пәтерге» жобасы жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін аталған қор аймақтағы тұрмысында қиыншылығы бар жетім-жесір, мүгедек және көпбалалы отбасы мүшелерін қамтыған жалпы 62 адамға баспана кілтін  сыйлаған.

Қор өкілдері Жаратқан иеміздің мейірімі мен сауабы құйылып тұрған қасиетті Рамазан айында   Талдықорған өңіріндегі Ақсу ауданына қарасты Алтынарық және Ойтоған ауылының тұрғындарына 61-ші және 62-ші баспана кілтін  табыс етті. Қос ауылдағы баспаналы болған жандардың екеуі де жас балаларымен жалғыз қалған әкелер. Оның бірі Жақыпбеков Саят Мақсатұлы есімді азамат. Саяттың 5 баласы бар. Олардың кішісі әлі  1 жасқа да толмаған. Екіншісі, Хусаинов Аслан Төлеуғалиұлы. Ол өзі – І-ші топтағы мүгедек. Үй сатып алуға жағдайы жок. Тек мектеп жасындағы 3 қызымен 58 мың теңге зейнетақыға күн көріп келген.

Жобаны ұйымдастырушылар: « Көп түкірсе — көл» деген. Бұл – жоба бойынша  күні кеше ғана Талдықорғанда 20-шы және 21-баспананың кілті  берілген еді. Жалпы мұндай сауапты іске ат салысып келген әрбір жанды Алла өз мейіріміне бөлесін!  Ал, тағдыр сынағына тап болған азаматтарға бұйыртқан баспаналарын Раббым берекелі етіп, бар жақсылықтармен жарылқасын» -деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK