Емле ережелерінің заңдылықтары

201
Дереккөз

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты облыстық конференция өтті.

Шараның мақсаты — латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесін түсіндіру, жаңа әліпбиді меңгерудегі IT  жобалармен таныстыру, тәжірибе алмасу. Конференция барысында І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Гүлім Чукенаева мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілі  Нұржан Сейсенбек «Жаңа емле ережелері – қазақ тілін реформалаудың басты тетігі», «Жаңа әліпбиді меңгерудегі IT  жобалар» жөнінде кеңінен баяндады. Нұржан Сейсенбек «Латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесін көпшілікке таныстыруда жаңа технологиялардың маңызы аса зор. Былтырғы жылы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекшілігімен латын әліпбиін меңгертуге аса қажетті бірнеше IT жоба әзірленген болатын. Солардың бірі әрі маңыздысы, тікелей латыннегізді қазақ әліпбиіне қызмет ету үшін құрылған «Qazlatyn.kz» ұлттық порталы. Атауы айтып тұрғандай мұнда қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу барысы жайындағы барлық деректер топтастырылған. Порталдың емле-ереже, жаңа әліпбидегі әріптердің таңбалануы мен жазылуы, дұрыс дыбысталуын тыңдау секілді айдарлары бар»-деді.  Нұржан Бижомартұлы қарапайым деңгейдегі мемлекеттік тілді және латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің әліпбиі мен жаңа емле ережесін таныстыру, үйрену, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыруға арналған «Тilqural.kz», әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, қазақ тіліндегі көне сөздерді, кірме сөздерді, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін «Sozdikqor.kz» порталы жұмыс жасайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, «Селтең сері» 3D  толықметражды анимациялық фильмі мен балаларға арналған «IQdos», «Дұрыс сөйлейік» анимациялық роликтері әзірленген. Көрсетілім кезінде оқиға барысы латын қарпіндегі  субтитрмен  берілетіндіктен,   көрерменнің фильмді қарай отырып, жаңа әліпбимен жазуды да меңгеруіне мүмкіндік мол болмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK