Жастар жетістігі – еліміздің жетістігі

161
Дереккөз

Жастарға қызмет көрсету орталығында халықаралық «Сабантой-2019» мерекесі аясында «Жастар жетістігі – еліміздің жетістігі» атты жас көшбасшылармен кездесу өтті.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, татарстандық делегаттар, «Көшбасшы-2018»  сыйлығының иегерлері, білімгерлер мен белсенді жастар қатысты. Жиын барысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Сәкен Түкібаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр Сон, «Жетісу» арнасы «Жаңалықтар» бөлімінің тілшісі Мадина Берікова, каратэден әлем чемпионы Мерей Сүйінов жетістіктерімен бөлісіп, Тәуелсіз елдің тірегі жастар болғандықтан артылар жауапкершілік мол екендігін атап өтті. Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Жомарт Қаратас «Тұңғыш Президент Н.Назарбаев  ел жастарымен кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен жастардың рухы биік болуы тиіс» деп атап айтқан болатын. Осы мақсатта  биылғы жылдың Жастар жылы болып жарияланғаны баршаңызға белгілі. Бұл бізге үлкен сенім артылып отырғандығының айқын көрінісі. Біз болашағы айқын елдің бақытты ұландарымыз. Ата-баба армандаған егемендігіміз, бірлігі жарасқан халқымыз бар. Бүгінгі шараның мақсаты жастардың белсенділігін арттыру, жас көшбасшыларды бір арнада тоғыстыру»-деді.

Айдана СМАҒҰЛ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK