Жас мамандар партия сапында

465

 Тәуелсіз Қазақ елі 26 жылдың ішінде  көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

«Нұр Отан» партиясы Талдықорған  қалалық филиалында  еліміздің ұлық мерекесіне орай салтанатты қабылдау өтті. Қалалық  партия  филиалының партиялық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы, филиал кеңесшісі Ғ. Аманжолұлы жиналғандарды  Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде өзіндік орны бар кешегі Желтоқсанда  –  шеруге шығып, жазықсыз жазаланғандар қаншама?!

Сол кездің жас  ұстазы, қазіргі кезде зейнет жасына келсе де қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген Ғания Чукаева  сөз алып, тілек білдірді.

Қалалық мәслихаттың депутаты, қалалық партия филиалының саяси кеңес мүшесі Б. Түстікбаев,  ардагерлер кеңесінің  мүшесі Ш. Әбдікәрімов, жас маман М. Илипбаева партия қатарына қабылданған жастарды қуаныштарымен  құттықтап, жылы лебіз айтты.

Осы басқосуда «Үздік тіл маманы» төсбелгісімен «Тазалық» бастауыш партия ұйымының төрайымы Венера Қолдасбаева марапатталды.

Сондай-ақ, оқу орны мен балабақша мамандары Алматы облыстық партия филиалының  «Алғыс хатын» иеленді. Ал кәмелеттік жасқа толған жастарға жеке бас куәліктері табысталды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK