дереккөз

Халықаралық музей  күніне орай  қаламыздағы  Ілияс Жансүгіровтің әдеби  музейінде  мерекелік шара ұйымдастырылды.  «Ілияс музейі – өнегелі ұрпақ ордасы» атты шара  Құлагер ақынның  туғанына 125 жылдығына,   әдеби музейдің  ашылғандығына  35 жыл толу құрметіне арналды.

Ақынның ұрпақтары, І. Жансүгіров  атындағы Жетісу мемлекеттік университеттің профессорлары, музей ардагерлері, мәдени мұраны қорғау орталығының, Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасының қызметкерлері, қалалық ардагерлер ұйымының мүшелері, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның күйшілері, облыстық, қалалық «Ілияс оқуларының» жүлдегерлері қатысқан іс -шара  Ілияс Жансүгіровтің   «Ұяның ұясы – Қожаның дорбасы» атты фельетонынан үзіндімен ашылып, ақынның өлеңдері оқылып, әуезді ән-күймен жалғасын тапты.

Кеш барысында  облыстық  М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен «І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы» атты 1972 жылы түсірілген деректі фильм өңделіп, жаңа форматқа көшірілген нұсқасы және «Ілияс Жансүгіров. Библиографиялық көрсеткіш», «І.Жансүгіровтің шығармаларын жаңаша оқыту» кітаптарының тұсаукесері өтті. Шара  қонақтарына  арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK