Алматы облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
дереккөз

Алматы облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген.  Бизнестік идеяларға  көңіл бөлу    «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламаның  «Еңбек» бағытында  2017 жылдан бастап қолға алынған.

 Елімізде жұмыссыздықты азайту мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Бизнестің жол картасы» сынды түрлі бағдарламалар қабылданып, «Қазақстан – 2050» стратегиясына және Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, адами капитал сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау бағытына басымдық беріліп келеді.

«Еңбек» бағдарламасы осы секілді ірі бастамалардың заңды жалғасы болып есептеледі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда және қалада шағын несие  беру арқылы азаматтардың өзін — өзі жұмыспен қамтылуы. Бұл  тұрғыдан алғанда,  кәсіпкерліктің дамуына жол ашылады.

Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыру үшін  11,2  млрд.теңге қарастырылып, 19,3 мың адамды қамту жоспарланған. Бүгінде жұмыспен қамтудың белсенділігі артып 14,1 мың адам жұмыспен  қамтылды. Мұнан өзге  6787 адамды оқытумен қамтылмақ. Оның ішінде  тегін кәсіптік-техникалық біліммен  1535 жасты,  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 5252 адамды қамту қарастырылған.

Техникалық және кәсіптік білім бойынша кадрларды даярлау қыркүйек айында басталады. Ағымдағы жылдың 14 мамырына дейін айтар болсақ,  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға  32 колледж бен  27 оқыту  орталықтарына  сұранысқа ие 39  мамандық бойынша 2635 адам жіберілді.

Екінші бағыт бойынша 5,7 млрд. теңгеге 4068 адамды қамту қарастырылған. Оның ішінде 1299 қатысушыға (ауыл – 1226, қала – 73) 4,9 млрд.теңгеге шағын несие беру жоспарлануда. Қалада және ауылда микрокредиттерді кепілдендіруге 140 млн.теңге, микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді.

 2018 жылы  8 адам шағын несие алды. Талдықорған қаласында  жобалар бойынша  42,8 млн.теңгеге 5 кепілдік берілді. Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың қаражаты есебінен шағын несие беруді ұйымдастыру үшін жұмыстар жүргізілуде.

 «Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 615 грант беру көзделген. Қазіргі таңда 88 адамға 27,9 млн.теңге көлемінде грант берілді. Сонымен қатар, жастар үшін 200 АЕК  мөлшерінде 494 грант беру үшін  — 249,5 млн.теңге,  табысы аз  және көп балалы отбасыларға 200 АЕК-тен 160 грант бөлінбек. Жалпы 80,8 млн.теңге грант беру қарастырылып отыр.

Бағдарламаға сәйкес  несие  бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын қатысушыларға беріледі. Бұған зейнеткерлік жасқа жетпеген, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, кәсіпкерлік әлеуеті бар жұмысын жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер қожалықтары қатысады»,-дейді Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Бақыт Тоқтарқызы.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK