Тәуелсіздік күні қарасаңында Көксу аудандық Мұқыры халық театры қорытынды қойылымын жұрт назарына ұсынды. «Ондағы өнерпаздардың ұлт мұрасын ұлықтап, қазақи салт-дәстүрді сабақтастыра сомдаған шығармаларының орны бөлек. Бұл жолғы Ұлан Ахметов сахналаған тәрбиелік мәні зор қаламгер Ерсайын Төлеубаевтың «Тентек теке» қойылымы жасөспірімдер үшін мол рухани азық болды» — дейді көрермен қауым.

Аталмыш театр директоры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нүри  Сүлейменов:  « Театр деген  –  көрермен үшін рухани қазына. 1967 жылы құрылған  Мұқыры  театры тоқырау жылдары мүлде тоқтап қалған. Өнер сүйер қауымның ұсынысымен аудан атқа мінерлерінің қолдауында 2009 жылы қайта жандана бастады. Биылғы шілде айында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ресми  жасақталған театр ұжымы тартымды да  тағылымды шығармалармен көпке таныла бастады. Енді міне, тағы бір тың туынды мен  көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп отыр. Алла қаласа, алдағы қаңтар айында жаңа жылдық жоба-жоспарларымызды дайындап, түрлі қойылымдарымен Көксу халқының күткен үмітін ақтайды деп сенемін. Өйткені, мұндағы әрбір өнерпаздың кез-келген рөлді шебер сомдауға білімі де біліктілігі де жетеді» -деп атап көрсетті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK