Отбасы – шағын мемлекет

220
Дереккөз

Жастарға қызмет көрсету  орталығында халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – отанымыздың тірегі» атты кездесу өтті.

Мұндағы мақсат – отбасы институтын нығайту, шаңырақтағы ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтардың әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, өзге баланы өз баласындай тәрбиелеп отырған ата-аналарға құрмет көрсету.  Шараға Алматы облысы білім басқармасының бас маманы Ғалия Алиева, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева, «Ана үйі» қоғамдық қоры жанынан ашылған бала асырап алуға қолдау көрсету орталығының психолог маманы Мөлдір Ибраимова қатысты. Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Әлия Байганусова «Отан – отбасынан басталады», «Отбасы — шағын мемлекет» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Әке – тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Ұрпақ тәрбиелеу зор жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттің шағын бір бөлшегі болып табылар ошақтарыңыздың оты сөнбесін» -деп жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Айта кетейік, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен  отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында тегін психологиялық кеңес беретін «BAQYT» жас отбасыларды қолдау клубы жұмыс істеуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK