Облыс прокуратурасы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында жарыс өткізді

331
дереккөз

Алматы облысы прокуратурасы «Өркен» спорт кешенінде «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында шағын-футболдан сайыс өткізді. Сайыс қорытындысы бойынша әр бүлдіршінге сыйлықтар таратылды.

Осындай шаралар әр мейрамдарда балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен жыл сайын өткізіліп тұрады. Мәселен, Тұңғыш Президент Күніне орай №1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін облыс прокуратурасы қызметкерлері Ә.Қастеев атындағы музейге апарды.

Облыс прокуратурасы жетім балаларға аса көңіл бөлетінін айта кету қажет. Мысалы, тек «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жоба бойынша 160-тан астам балалар отбасыларда тәрбиеленуге тапсырылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK