«Әрекет» жобасы түсіндірілді

61

Талдықорғандағы Журналистер үйінде   Алматы облысының коммерциялық емес ұйымдарына «ӘREKET» жобасы бойынша  ақпараттық — түсіндіру бағытында  кездесу өтті.

Кездесу барысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілдері жобаға қатысудың негізгі ережелері мен шарттары туралы айтып, өткен жылдар тәжірибесімен бөлісті.

Қордың бас менеджері Ж. Жақсылықова,  гранттар байқауы турасында  баяндады. Бұл әлеуметтік жобалардың  байқауына қатысуға мүдделі КЕҰ ережеге сәйкес өтінім беруі тиіс. «Samruk-Kazyna Trust»   қоры «Әрекет» жобасына биыл 150 млн. теңге бөліп отыр. Байқау аясында  қатысуға ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдар  3 млн. теңгеге дейін  мөлшердегі грантты  ұтып алуға мүмкінідіктері бар.

Спикер   жиналғандарға «Бала денсаулығы», «Разные-Равные», «Подари детям жизнь», «Жеңіс» жобаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері  турасында айтып берді. Облыс бойынша өткізілген жиында  қатысушылар тарапынан қойылған  сауалдарға  жауап қайтарылды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK