Талдықорғанда әскер қатарына шақырылғандарды шығарып салу рәсіміне арналған «Шақырушылар күні» әскери-патриоттық акциясы өтті. Енді болашақ сарбаздар Отан алдындағы абыройлы борышын ҚР Қарулы Күштерінің қатарында өтейтін болады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Салтанатты шарада Алматы облысы Қорғаныс істері департаментінің басшысы, подполковник Талғат Дәулетханов әскер қатарына шақырылған жастарға жылы лебізін білдірді. Ол өз сөзінде:

Суретті түсірген Аслан Қажеке

«Құрметті әскерге шақырылушылар! Ақ найзаның ұшымен, ақ біліектің күшімен қорғалған жеріміздің тыныштығын сақтау – енді сіздерге жүктеледі. Алматы облысынан әскер қатарына алынған жастар бүгінде қарулы күштердің әр саласында өз борыштарын өтеп келеді. Жетісудың жігерлі жастары, сіздер де осы міндетті абыроймен атқарады деген үміттеміз», — деді.

Айта кетейік, Алматы облысы жылына 3 мыңнан астам адамды әскерге аттандырады. Нақтырақ айтқанда, наурыз бен маусым және қыркүйек пен желтоқсан айларының аралығында әр науқан сайын 1500-ден астам жас азамат Отан алдындағы борышын өтеуге барады екен. Бұл жолы әскер қатарына шақырылыған 90 адам Жамбыл облысы Отар әскери базасына аттанды. Негізінен, әскерге Алматы облысынан кеткендер ұлтық гвардия, қарулы күштер, шекара және мемлекеттік күзет қызметі сынды әскери бөлімдерде борыштарын өтейді.

Суретті түсірген Аслан Қажеке

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK