әскери-спорттық шара
дереккөз

Жыл сайын  Талдықорған қаласында жалпы  білім беретін мектептің оқушылары арасында патриоттық, елжандылыққа баулитын шаралар көптеп  ұйымдастырылып келеді.

Биылғы  Жастар жылы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасында « Жасұлан» әскери-спорттық ойыны ұйымдастырылды.   Ұлы Жеңістің 74 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 27 жылдығы қарсаңында әскери-спорттық шараның қорытындысы   жарияланды. Е. Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектепте өткен  шараға  Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы,  Талдықорған қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқарма бастығы, полковник Ерен  Мейрембеков қатысты.

«Елжандылықты жас ұрпақ санасына сіңіре отырып, сол арқылы  Отан, туған жер, ел, атамекен,туған өлке, туған халқы туралы нақты түсінік қалыптастыру – отбасында ата-ана мен мектепте мұғалімдердің басты міндеті.   «Жасұлан» әскери –спорттық сайыста жасөспірімдер бойынан  қайраттылық, сүйіспеншілік, батылдық қасиеттер табылды деп ойлаймын. Шараға  қатысушылардың барлығын  жеңістерімен құттықтаймын»,-деді Әділет Рымтайұлы.

«Ертеңгі ел қорғайтын жастарымыздың  осындай әскери -патриоттық тәрбиеге баулитын  шараларға қатысуы өте маңызды. Отанды қорғау негізі қалыптасады.  Мектеп оқушылары арасында шараға ерекше маңыз берілуі көңілімізді қуантады»,- деді Ерен Оқасұлы.

Сайысқа қатысушылар жеке аталымда, яғни «Жүзден жүйрік жігіт», «Жүзден жүйрік  қыз»,  саптық сайыстың жеңімпаздары  анықталды. Жарыс қорытындысында, бірінші орынға  №2 орта мектеп лайық деп табылды. Ал №1, №15 мектептер-екінші, №11, 8,6 орта мектеп командасы жүлделі  үшінші орынды жеңіп алды. Әскери –патриоттық ойынның жеңімпаздарына диплом табысталса, ерекше дайындықпен қатысқан  білім ошақтарының  басшылары  қала әкімдігінің алғыс хатымен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK