Парламент Мәжілісі депутаттары
дереккөз

Жұмыс сапарымен Алматы облысына келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  депутаттары  Е. Бектұрғанов, Ж.Жарасов  Талдықорған қаласындағы 5514 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Парламент  Мәжілісінің  депутаттары, қауіпсіздік, қорғаныс істері жөніндегі комитеттің мүшелері  Ерсұлтан  Бектұрғанов пен Жанат  Жарасов сарбаздарды Отан қорғаушылар және де Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.  «Nur Otan» партиясының съезінде  ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына партия атынан кандидатура ұсынылған болатын. Сондай-ақ,  Елбасының  халыққа арнаған  Жолдауының негізгі бағыттары, «5 әлеуметтік бастамасы» Үндеуі, «Nur Otan» партиясының ХIХ  съезінің шешімдері, партияның «Бақуатты қоғам: он жылдыққа он мақсат» бағдарламасын түсіндіру және Парламент Мәжілісінің бірінші тоқсанында атқарылған жұмысының қорытындысы және де өзге  атқарылатын істерді ортаға салды.

«Нұр Отан» партиясының соңғы съезінде  халықтың әл-ауқатын арттыруға байланысты  кешенді шаралар қаралып, бекітілді. Тұрмыс жағдайы  төмен, көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу, көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамту және өңірлердің әлеуметтік мәселесін шешуге  қатысты тапсырмалар берілді.

Айта кетсек, елімізде қорғаныс саласына жұмсалатын қаражат көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Әскери қызметшілерге  де көптеген көмектер жасалуда.  Оның ішінде әскерилерді  тұрғын үймен қамту  өз шешімін табуда.

Сондай-ақ,  ел қауіпсіздігі,  діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске бағытталған  бағдарламалар  да  жүзеге асырылуда.  Шекарамыз шегенделіп, бірлігіміз бекемделіп, татулығымыз  артқан  елімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау —  әрбір азаматтың борышы.

                                                                                  

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK