«ЦифрлыҚазақстан» бағдарламасыаясында аналогтық телехабар таратудан цифрлық эфирлік телевизияға көшу жобасы іске асып жатыр.Биылғы маусым айынан бастап дыбыс пен суреттің жаңа сапасы Қостанай, Павлодар мен Алматы оьблысының тұрғындарына қолжетімді болмақ.

 Елді цифрландыруөте ұзақ, әрі қымбат үрдісс.

Қымбатқа түсетін болса, аналогтан цифрға өту бізге не үшін керек, ол қандай міндеттерді шешеді? Осы және басқа да сұрақтарды біз «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Коммерциялық директор Дальмира Шигаеваға қойдық.

Сарапшының сөзіне сенсек, цифрлық эфирлық телевизия (ЦЭТВ) Қазақстанның жалпы контент нарығындағы отандық телеарналардың хабар тарату үлесін ұлғайтады. Яғни, бұрын 4-5 арна көріп, ресей «тәрелкелерін» қондыруға мәжбүр болған  ауыл халқы енді одан бас тартып, облыстық, республикалық телеарналарды тамашалайалады деген сөз.

Сондай-ақ, бұл елдің ақпараттық қауіпсіздігін арттырады. Яғни, телехабар сигналы шекарадан тыс шығып жатқан көршілес мемлекеттер:Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен шекаралас аумақтардың тұрғындары да жаңа қазақстандық телевизияға оңай өте алады.

Бұл ретте бейнеконтент талаптар мен сапа бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Егер бұрындары ол көбіне қала тұрғындарына қолжетімді болса, енді цифрлық хабар таратуға көшкеннен кейін ауылдың әр үйінде 15 шақты отандық телеарна көрсетіледі.

Демек, көрермендер еліміздің аумағында лицензияланбаған, өзге елдердің жерсеріктік операторларынан бірте-бірте бас тартып, қазақстандық хабар тарату операторларын таңдайтын болады.

Тағы бір шешілген, елдің бүкіл  коммуникация саласы үшін маңызды міндет – радиожиіліктерді үнемдеу. Аналогты хабар таратуда бір жиілікте тек бір арна ғана трансляцияланса, цифрлық хабар таратуда бір жиілікте 15 телеарна таратылады екен. Цифрға көшу есебінен босатылған жиіліктер коммуникацияның басқа түрлері үшін тиімді жұмыс істейтін болады.

Айсұлу Асан, Карағанды

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK