2018 жылдың күзінен бастап елімізде цифрлық эфирлік телевизияға (ЦЭТВ) көшу жүріп жатыр. 2019 жылдың маусымында аналогтық хабар тарату Қостанай, Павлодар және Алматы облыстарында өшіріледі. Ал 2021 жылы республиканың бүкіл аумағы жаңа әрі тегін цифрлық форматқакөшеді.

Яғни, тіпті ең шалғай орналасқанауылдың тұрғындары әдеттегі 4-5 арнаның орнына жаңа 15 шақты қазақстандық арнаны цифрлық сападакөре алады деген сөз. Ал облыс орталықтары мен республикалық маңыздағы қалаларда 30 телеарнаға дейін көрсетілетін болады.

Бұл үшін республикада қазірдің өзінде жоспарланған 827 радиотелевизиялық станцияның 446-сы салынып бітті. Халықтың 83 пайызы цифрлық хабар таратумен қамтылды.

Телевизияның жаңа стандартына көшу туралы «Женева 2006» халықаралық келісіміне 100-ден астам ел қол қойған. Қазақстан да – солардың қатарында. Ескі аналогты жабдық «цифрда» жұмыс істеуге жарамайды. Ал қосалқы бөлшектері болса да жоқ. «Аналогтың» сигналы жіберу барысында көп кедергілерге ұшырайды: бұл ескі хабар таратудың басты кемшілігі.. Сонымен қатар, аналогта бір жиілікте сигналдың бір таратқышы болса,  цифрда бір жиілікте 15 телеарнаға дейін хабар таратады.

Көрермен сүйіп көретін«Балапан»және«Kazsport» арналарыненді кез келген ауыл тұрғыны көре алады. Халықаралық талаптарға сәйкес келетін сапалы телевизиялық контент қала мен ауыл тұрғындарына бірдей дәрежеде қолжетімді.

Бұл үшін 25000-30000 теңге қаражат кететін қымбат жерсеріктік тәрелке орнатудыңқажеті жоқ. Арналар үшін кабельдік операторға ақша төлемейсіз.

Ал шекара маңындағы аумақтарда өмір сүріп, көршілес елдердің телевизиясын қарауға мәжбүр болған тұрғындар енді отандық телеарналарды таңдап,  елдегі лицензиясыз арналардан біржола бас тарта алады.

Цифрлық телевизияға көшуге дайындықреспубликада«OTAU TV»ұлттық жерсеріктік желісі іске қосылған 2011 жылы басталған. Келесі кезең цифрлық хабар таратуды DVB-Т2 еуропалық стандарты негізінде, хабар тарату көлемін ұлғайта әрі жиіліктік ресурстарды үнемдей отырып, дамыту  болды.

Жаңа «цифрға» қосылу үшін қабылдағыш керек немесетеледидарыңыз 2013 жылғыдан ескі болмауы тиіс. Осыдан кейін жаңа желігетеледидарды бала да қоса алады.

Әлбетте, тұрмысы нашар отбасылардытегін қабылдағышпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік көмек туралы да айта кеткеніміз жөн. Олар тегін қабылдағыштарды жергілікті әкімдіктерден ала алады.

Өткен жылдың күзінде Маңғыстау, Жамбыл және Түркістан облыстары аналогтық желіні өшіріп, цифрлық хабар таратуға көшті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK