Елімізге танымал тележүргізуші, кәсіпкер әйел, «Мисс Қазақстан-2009» байқауының жеңімпазы Динара  Сатжан Талдықорған қаласына алғаш реет келіп, нәзік жандылар арасында өткен семинар-тренингте жетістігінің қыр-сырымен бөлісті.

Бүгінде қазақ дизайнерлерінің өнімдерін өзге мемлекеттерге таныстырып, сән әлемінде қолтаңбасын қалдырып жүрген Динара Сәтжан «Әйел адамның бизнестегі рөлі» тақырыбы аясында сөз қозғады.

Әр салада кәсібін дөңгелетіп жүрген табысты тележүргізуші телеарнаға 16 жасында келген. Тіпті, алғашында екі жыл тегін жұмыс істеуіне тура келген.

«Арман- адастырмайды. Жетістікке жету жолында еңбастысы осы сөзге сену қажет. Мақсат қойып, солмақ сатқа жету жолында еңбектенсеңіз, сол істің жемісін жейсіз. Жас кезімде жеке басыма, жұмысыма қатысты көптеген сын естідім. Алайда, мен берілген емеспін, керісінше ол сын менің алдыға қарай жылжуыма серпін берді»,-дейді.

Сегіз жылдан астам кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан бикеш болашақта өзін сан қырынан сынап көруге әзір. Жақында бизнес жайында жазылған кітабында  жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

«Қазақстанда танымал кәсіпкерлер көп. Бірақ, олардың кәсібі жайлы жазылған кітап жоқтың қасы. Мысалы, Меломанға кірсең із ол жерде тек шетелдік кәсіпкерлер туралы бизнес кітаптарды оқи аласыз. Сол үшін менің ойымша, осындай кітап керек деп ойладым. Кітап жазуыма осы мәселе түрткі болды», – дейді Динара Сәтжан.

Бизнес тақырыбын қаузағантың туынды, күзге қарай оқырманның қолына тиеді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар шара барысында тележүргізуші көрермен сауалдарына жауап беріп, жиналған нәзік жандыларға өз құпияларымен де бөлісті. Жетістікке қалай жеттіңіз деген сұраққа, жетістігімнің құпиясы күлкімде. Күлімсіреу де жетістікке жетелейді деп жауап қайырды.

Айта кету керек, аталмыш шараны Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырды.

Балжан Қайратқызы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK