Депутаттар мектеп ұжымымен кездесті

230
Дереккөз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Е.Бектұрғанов, Ж.Жарасов, М.Бопазов Талдықорған қаласындағы жұмыс сапары барысында  №28 IT мектеп лицейінің ұжымымен кездесті.

Дереккөз

Халық қалаулылары ең әуелі мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, оқушылардың жетістіктерін тамашалады. Е.Бектұрғанов «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарды жаңа технологияға бейімдеуіміз қажет екенін үнемі  айтып отырады. Біздің болашағымыз оқушылардың  робототехника саласындағы қадамдарын көріп, қуанып отырмыз. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің тірегі де, тілегі де, жүрегі де – оқыта білетін мұғалім»-деп бекер айтпаған. Бұл ретте өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі сіздердің алар орындарыңыз зор. Біздің сапарымыз «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасына сәйкес жүргізіліп отыр. Әл-ауқаты төмен, көпбалалы отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту, баспанамен қамтамасыз ету, білім, денсаулық  саласын өркендету, өңірлерді әрі қарай дамыту мәселесі сынды бірнеше бағыт бойынша нақты тапсырмалар жүктелгені баршаңызға мәлім. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда»-деп алдағы өтер Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.  Құрметті меймандар  білім сапасын арттыруда оқытудың озық үлгісін  қолдана отырып, заман талабына сай шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымының жұмысына табыс тіледі.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK