Қос Қымбат тәжірибесімен бөлісті

373
Дереккөз

Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Айтылған сөз, атылған оқ» немесе тікелей эфирде жұмыс істеу ережесі» атты шеберлік сабағы өтті.

Кездесуге «QAZAQSTAN» ұлттық арнасының жаңалықтар жүргізушісі Қымбат Досжан мен «Хабар» агенттігі Алматы бюросының жетекшісі Қымбат Хангелдина қатысты. Телевизия саласында бірнеше жыл еңбек еткен ардагер дикторлар журналистиканың кешегісі мен бүгіні жайында баяндап, тікелей эфирде жұмыс жасау тәртібімен таныстырды. Қиындығы мен қызығы қатар жүрер саланы таңдаған кәсіби маманның бойынан табылуы қажет қасиеттерді тізбектеп, тәжірибелерімен бөлісті. Қымбат Досжан «Телевизияның ең мықты қаруы — сөз. «Айтылған сөз, атылған оқпен тең» деген бар. Ендеше, әрбір сөзіңіздің іске айналар кезі бар және оның өзіне тән мән-мағынасы да жоқ емес. Даусымыз арқылы бізді танып, арнайы тыңдайтын көрермендер болса, ол біз үшін үлкен мәртебе»,-деп халық алдындағы жауапкершілік жүгінің мол екендігін  атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK