7-ші мамыр Отан қорғаушылар, 9-мамыр Жеңіс күніне байланысты Талдықорғандағы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында Ауған соғысы ардагерлерімен арнайы кездесу өтті. «Ер есімі – ел есінде» атты кілең жастар шақырылған шараны  Алматы облыстық жастар саясаты басқармасы мен аталған оқу орны ұйымдастырған.

Мұндағы мақсат –  ел болашағы саналатын жастарға соғыс ардагерлерінің өр рухын үлгі етіп, олардың бойына ұлтжанды, отансүйгіштік, адал адамгершілік қасиеттерін сіңіру. Осы арқылы мемлекетке кіршіксіз қызмет етуге тәрбиелеу, — дейді ұйымдастырушылар. Шараға қатысқан студенттер майдангерлерден Ауған даласында өткен соғыс жайлы білгісі келген бірқатар сауалдарға жауап алды.

 Жиналған қауым алдында сөз алған облыстық Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы:  Биыл Ұлы жеңіске — 74, Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына ­­­- 27,  Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына ­- 30 жыл. Жалпы 10 жылға созылған Ауған жеріндегі  соғысқа қазақ даласынан 22 мыңнан астам жауынгер аттанған. Оның 900-ге жуығы сол майданда көз жұмып, 21 еш дерексіз кеткен. Ал, Алматы облысынан 3700-ден аса адам аттанса, олардың 173 қаза тауып, 2-і із-түссіз жоғалды. Қазір Жетісу өңірінде 4 мыға жуық ардагер бар. Олар әр салада қызмет етіп келеді. Ал, Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің жыл өткен сайын қатары сиреп барады. Біз жастайымыздан солардың ерлігін мақтан етіп, үлгі тұттық. Қазір дәл осындай кездесулер жиі өтеді. Мұндай шараның өздеріңіздей жастар үшін тәрбиелік мәні зор» -деді.  Осыдан соң соғыс ардагері Еркін Асқарұлы басты байлық елдің Тәуелсіздігі екенін атап көрсетіп,  жастарды бүгінгідей бейбіт күнді бағалап, ұлтымыздың салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын, дінін, тілін сақтай білуге шақырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK