Талдықорған қаласындағы көркемөнер галереясы
дереккөз

Облыс орталығындағы Көркемөнер галереясында  айтулы кескіндемеші, белгілі суретші Орал Таңсықбаевтың  115 жылдық мерейтойына арналып «Жаңа технология және өнер» атты көрме ашылды.

Көрменің ашылу салтанатына  суретшілер, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер мен оқушылар, өнерсүйер қауым қатысты.  Алматы қаласындағы  Орал Таңсықбаев атындағы сәндік –қолданбалы өнер колледжінің  директоры Сейітқали Шалабаев: « Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы көркемөнер галереясына біздің өнер ошағы студенттері мен оқытушылардың  тамаша туындылары  қойылып отыр.  Басты мақсатымыз — ұлттық мәдени мұраны сақтау, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрімізді дәріптеп, рухани бай мұрамызды жоғалтпай, оның  мәнін асқақтату болып табылады. Сонымен қатар жас суретшілердің өнерін насихаттауды мақсат тұтып, Талдықорған қаласына  келдік. Көрмеге 30-дан астам туындылар қойылды»-деді шараның ашылу жиынында.

Жас суретшілердің басты тақырыбы  —  адам мен табиғат , көбіне пейзаж және портрет болып келеді.  Мәселен Е. Ким «Алматы» деген картинасында әсем қаланың бірнеше көрінісін берген. В. Барановтың  «Базарда» атты  туындысында    сауда арқылы достықты, татулықты ту еткен.  Сәндік –қолданбалы  өнер колледжінің   директоры мен ұстаздары Көркемөнер галереясы ұжымына   көрмені ұйымдастыруға ниет білдіргендері үшін ризашылықтарын білдіріп, естелік кітаптар табыстады

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK