Көлсай көгінде жыр қалықтады

99
Дереккөз

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісу көктемі»  жас тілші-әдебиетшілердің II облыстық форумы өтті.

Дереккөз

Өткен жылы Талдықорған қаласында бастау алған әдеби шара биыл Кеген ауданында жалғасын тапты. Форумның алғашқы күні Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының директоры Ерлан Жүніс пен «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Қалмаханбет Мұқаметқали «Тіл мен әдебиет – егіз ұғым», «Жастар – әдебиетіміздің ертеңі» тақырыптарында ой өрбітті. Секциялық отырыста қазақ поэзиясы мен прозасының кешегісі мен бүгіні, шоқтығы биік тұлғалардың шығармашылығы, өлең құрылысы, тілдің маңызы кеңінен талқыланды. Форумның салтанатты ашылуы Саты ауылының Мәдениет үйінде өтті.

Дереккөз

Алғаш болып сөз алған Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев «Жетісу көктемі» жас тілшілер мен қаламгерлердің форумы былтырдан бастау алғанын білесіздер. Биылғы басқосуды осынау көрікті өңірде өткізуді ұйғардық. Бұл жас таланттардың шығармашылығына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Аталмыш шараның бірінші форумнан басты ерекшелігі — биылғы басқосуға аудан, қалалардан келген жас тіл жанашырлары мен қазақ тілін жетік меңгерген өзге этнос өкілдерінің қатысуы» -деді.

Дереккөз

Форумға арнайы келген Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов «Ауданымыздың аумағында дәл осындай облыстық форумның өткенін сенім мен құрмет, әрі үлкен қуаныш деп бағалаймын. Бүгінгі форумды Тәуелсіз мемлекетіміздегі тарих бетіне жазылып қалар елеулі оқиғалармен қарсы алып отырмыз. Жастар жылы аясында өткізіліп отырған бұл форум облысымыздағы шығармашылықпен айналысар жастарымыздың алдағы істеріне оң әсерін тигізері анық. Табиғаты көз тартар Саты ауылында, Көрікті көлсай өңірінде білімді, ойлы, ізденімпаз, талантты жас тілшілеріміз бен әдебиетшілердің басын қосып отырған облыстық тілдерді дамыту басқармасына алғысымызды білдіреміз. Облысымыздың ғана емес республикамыздың ажары, көркі, мақтанышы іспетті  көрікті Көлсай алыс-жақын шет елдерге етене таныс. Айналасын әсем шырша көмкерген сұлу көлді тамашалаушылардың қатары жыл сайын артып келеді»-деп қатысушыларға шығармашылық шабыт тіледі.

Дереккөз
Дереккөз

Сондай-ақ, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Ж.Елесбаева, Ұйғыр аудандық «Қарадала тынысы» газетінің тілшісі С.Анварова, Іле ауданынан келген В.Талюс, Кербұлақ ауданы Д.Қонаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі К.Шынарбаева сөз сөйлеп, ақын Ә.Іңкәрбек өлеңнен шашу шашты. Шара барысында қаламгерлер әлем назарын өзіне аудартқан, қарасаң көз тоймас Көлсай көліне саяхаттап, шабыттарына шабыт қосты. Көрікті мекеннің сұлу келбеті ақындардың жыры болып төгілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK