World Skills – техникалық және кәсіптік білім беру әлеуетін арттыру

90
Дереккөз

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының World Skills стандарттары мен модульдік-құзіреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметі жөнінде республикалық семинар-кеңес өтті.

Дереккөз

Аталмыш жиынды ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор Холдингі» АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Алматы облысының білім басқармасы мен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі ұйымдастырды. Семинар-кеңеске еліміздегі білім басқармаларының өкілдері, колледж директорлары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Мұндағы мақсат – білім берудің инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, әлемдік стандарттарға сай еңбек нарығына кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан мамандарды даярлау. Жиын барысында «Оқу-әдістемелік жұмыстарды тиімді ұйымдастырудың негізі», «Өндірістік оқыту шебері мен колледж оқытушысының  студенттерді World Skills чемпионатына дайындаудағы кәсіби құзіреттілігі», «Тәлімгерлік институты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жүйесіндегі кадрларды даярлау сапасын  арттырудың тиімді механизмі» сынды өзекті мәселелер талқыланды. Айта кетейік, бұл  әлемнің 70-тен астам мемлекетінде кеңінен дамыған жас мамандардың кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей жоба.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK