Талдықорған мемлекеттік архив
дереккөз

Елбасының  “Болашаққа бағдар — рухани жаңғыру” мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында   Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен әзірленген  4 жобаның   бірі  — «Тарихи тұлғалар» деп аталады. Архив мекемелерінің жеке тектік құжаттармен толықтыру бойынша жұмысын жандандыру,  өлкенің тарихына   деген қызығушылықты  арттыру, облыстың дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың өмірі және қызметі жайында  архив құжаттары бойынша танысу болып табылады.

Аталған жоба бойынша ұйымдастырылған  шараға  Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұлттық архив қорын пайдалану, ғылыми-анықтамалық ақпарат және құжаттауды бақылау бөлімінің басшысы  Гүлнар Дәрібаева және де архивтің жеке қор иелері   Қазақстан  Республикасының Журналистер Одағының мүшесі, Сарқан ауданының Құрметті азаматы, М.Тынышбаев атындағы республикалық қоғамдық қордың  вице-президенті  Өкітай Ахмет,жоғарғы санатты педагог-психолог, ақын  Айтмұханбет Ерасылұлы, Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Көксу ауданының Құрметті азаматы  Нүрила Бектемірова, өнертанушы- қаламгер  Зәмзәгүл Әмірғалиева,  Отан соғысының ардагері, республикалық деңгейдегі зейнеткер  Тоқтарбай Қанапияұлының келіні,  ұстаз Бақытгүл  Қанапиянова , І. Жансүгіров атындағы  университет оқытушылары  қатысты. Рухани  жаңғыру  кейінгі ұрпаққа не береді? Жалпы алғанда, жеке қор иелері өз пікірлерімен  бөлісті.

Жеке адамның қалыптасу қоры деп жеке тұлға  немесе отбасының өмір сүру және қызмет ету барысында жинақталған құжаттардан тұратын архивтік қорды атаймыз. Қазіргі таңда   архивте сақтауда   1902-2016 жылдар аралығын қамтитын 38 жеке қор бар болса, оның  4-еуі   архивтік коллекция, 3- і отбасылық қор.

дереккөз Қор жасаушылар өздерінің жеке қорын бірнеше жылдар бойы құрастырғанда, тек қызметтеріне қатысты құжаттарды ғана емес, сонымен бірге өз шығармашылығында  пайдаланған, Қазақстанның және басқа елдердің тарихтарына қатысты да қызықты құжаттарды жинайды. Осылардың кейбіреулері ешқашан жарияланбаған құжаттарда болуы мүмкін.  Айтар болсақ,  қорлар мемлекеттік, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың архивтік қорларын ерекше және  едәуір мазмұнды ақпаратпен толықтырады.

Талдықорған мемлекеттік архиві белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, Алматы облысының құрметті азаматтарының, оқымыстылардың, ауылшаруашылық, халыққа білім беру және мәдениет саласы қызметкерлерінің, жазушылар мен журналистердің жеке қорларын сақтап отыр.  Мәселен,   Талдықорған қаласының прокуроры, дербес зайнеткер Биахмет  Сарымсақов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері  Назарбек Әмірғалиев   пен   Дәмен Шаймерденованың отбасылық қоры, ауылшаруашылығының  еңбек сіңірген қызметкері Сәкен  Есетов, қоғам қайраткері, облыстың кеңестің депутаты Сақауова Батима Есболатқызы сынды белгілі азаматтардың құжаттары сақталуда.

Жеке қорлардың хронологиялық аясы   айтарлықтай көп екенін айтуға тиіспіз. Көптеген жеке қорларда: естеліктер, суреттер, құжаттар, қор жасаушылардың жинақтаған материалдарында едәуір ерте кезеңдерге жататын материалдар, сонымен қатар, тарихи құндылығы бар, қызықты  құжаттар кездеседі. Архивте мемлекеттік жақтаудағы жеке қор иелерінің құжаттарын насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Осы құжаттар бойынша көрмелер дайындалып, көпшілік назарына ұсынылуда.

Шара барысында архивтің жеке қор иесі болып табылатын Айтмұханбет Ерасылұлының тамаша бір  өлеңін архивист  Ларо Нүсүпбекова оқып берді.

Ұзақ жыл  архивте қызмет атқарып, еңбегі сіңген,  архив ардагері  Жұмагүл Алинұрқызы да естеліктерімен бөлісті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK